1313

Түркияда Ердоғанды өлтіру жоспары туралы тың мәлімдеме жарияланды

Отставкадағы генералдың айтуынша, Ердоғанды ұшаққа отырғызып өлтірмек болғанын айтып берді.

Түркияда Ердоғанды өлтіру жоспары туралы тың мәлімдеме жарияланды
REUTERS/Murad Sezer

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркия әскерінің отставкадағы бригадалық генералы Ибрагим Бүйүкбаш 2016 жылғы мемлекеттік төңкеріс әрекеті қарсаңында президент Режеп Тайып Ердоғанға жасалуы тиіс болған қастандықтың егжей-тегжейі туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, шабуыл Египеттің бұрынғы президенті Әнуар Садаттың өлтірілу сценарийіне ұқсас жоспарланған. 

Генералдың сөзінше, 2016 жылғы төңкеріс әрекетіне дейін Ердоғанға қарсы бірнеше қастандық жоспары әзірленген. Сол себепті президенттің әскери оқу-жаттығуға жоспарланған сапары күмәнді әрекеттер анықталғаннан кейін тоқтатылған.

Ибрагим Бүйүкбаштың айтуынша, жоспарлардың бірі бойынша Ердоғанды Мармарис қаласында қолға түсіріп, кейін Даламан әуежайына жеткізу көзделген. Онда оны шетелдік әуе компаниясының ұшағына отырғызып, кейін өлтіру жоспарланған.

Генерал бұл жоспардың 1981 жылы Каирдегі әскери шеруде Египет президенті Әнуар Садатқа жасалған қастандықтың үлгісімен дайындалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оның айтуынша, тергеу материалдарында швейцариялық Albinati Aeronautics әуе компаниясының ұшағы туралы деректер бар. Әуе кемесі Ердоған Даламанға келер алдында шұғыл ұшуға рұқсат сұраған. Алайда президент әуежайдан кеткеннен кейін рейс тоқтатылған.

Генералдың мәлімдеуінше, аталған ұшақтағы шетелдік жолаушылар кейін Түркиядан кетіп қалған.

Әзірге Түркия билігі бұл мәлімдемеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Еске салайық, 2016 жылғы 15 шілдеге қараған түні Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болып, салдарынан 250-ден астам адам қаза тапқан. Сол кезде Ердоған Мармарис қаласында болған және қонақүйден әскери топ келгенге дейін кетіп үлгерген. Кейін бұл топ президентке қастандық жасау әрекеті үшін сотталған.

Материал авторы