Лионель Месси Аргентина құрамасымен қоштасады – БАҚ
Әлем чемпионатынан кейін Мессидің болашағына қатысты тың ақпарат шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдаған болуы мүмкін. Мұндай ақпаратты журналист Эрнан Кастильо жариялады. Бұл туралы «Чемпионат» басылымы жазды.
Эрнан Кастильо X әлеуметтік желісіндегі парақшасында өз дереккөзіне сүйене отырып, Мессидің 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы алдында киім ауыстыратын бөлмеде әсерлі сөз сөйлегенін хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, аргентиналық шабуылшы сол кезде ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынына шығатынын командаластарына мәлімдеген.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина қосымша уақытта Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, 2022 жылы Катарда жеңіп алған чемпиондық атағын қорғай алмады.
Месси финалдық кездесуді толық өткізіп, бірқатар рекордқа қол жеткізді. Сондай-ақ ол турнирдің екінші үздік ойыншысына берілетін «Күміс доп» сыйлығын иеленді. Матчтан кейін жанкүйерлермен қоштасу сәтінде футболшы көз жасына ерік бергені де көпшіліктің назарын аударды.
Соған қарамастан, 39 жастағы шабуылшы әзірге Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайтыны туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда басылым мәліметінше, 2026 жылғы әлем чемпионаты оның ұлттық құрамадағы соңғы турнирі болған.
Материалда Аргентина футбол құрамасының әлем чемпионатынан кейін Лионель Мессиге арнайы үндеу жасағаны да атап өтілген.
Материал авторы