2280

Иранмен соғыста 500-ден астам америкалық сарбаз жараланған

БАҚ жараланған америкалық әскери қызметшілер саны ресми мәліметтен әлдеқайда көп екенін мәлімдеді.

Иранмен соғыста 500-ден астам америкалық сарбаз жараланған
GETTY IMAGES

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иранмен болған қарулы қақтығыс барысында жараланған америкалық әскери қызметшілер саны 500-ден асты. Бұл туралы Associated Press агенттігінің журналисі жазды.

Оның мәліметінше, АҚШ әкімшілігіндегі дереккөздердің айтуынша, жараланған сарбаздар саны 500 адамнан асып кеткен.

«Жараланған әскери қызметшілердің саны 500-ден асты», – деп жазды Торопин X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұл көрсеткіш АҚШ Қорғаныс министрлігі бұған дейін жариялаған ресми мәліметтен жоғары. Пентагон соңғы деректерінде 482 әскери қызметші жараланғанын хабарлаған болатын.

Бұған дейін Пентагонның баспасөз хатшысы Шон Парнелл CBS News арнасына берген сұхбатында соңғы екі аптада АҚШ-тың Иранға қарсы операциялары барысында түрлі деңгейде жараланған әскери қызметшілер саны 100-ге жуықтағанын мәлімдеген еді.

20 шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық әрбір әскери қызметшінің қазасы үшін Иран «бірнеше есе жауап береді» деп мәлімдеді.

Шілде айының басынан бері АҚШ пен Иран арасындағы қарулы текетірес қайта күшейді. 18 шілдеде Иран Иордания аумағындағы америкалық нысандарға соққы жасап, салдарынан АҚШ-тың екі әскери қызметшісі қаза тапты, тағы біреуі із-түзсіз жоғалды.

Сонымен қатар, The New York Times басылымы өз дереккөздеріне сүйене отырып, Пентагон бұған дейін ондаған жараланған әскери туралы мәліметті жария етпегенін жазған. 

Материал авторы