820

Дархан Қыдырәлі: Масс-медиа туралы заң журналистің құқығын айқындайды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Талдықорғанға сапары барысында Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесті, - деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Дархан Қыдырәлі: Масс-медиа туралы заң журналистің құқығын айқындайды
kazislam.kz

Басқосуға үкіметтік емес ұйым басшылары, діни бірлестік жетекшілері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.

Жиында азаматтық қоғам қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар талқыланып, масс-медиа туралы заң мен журналистердің мәртебесі жайында бірқатар мәселе көтерілді.

Дархан Қыдырәлі жаңадан құрылған облыстың идеологиялық әлеуетінің жоғары екенін айтып, өңірдің еріктілері атқарып жатқан жұмыстарын ерекше бағалап өтті.

«Масс-медиа туралы заң журналистің құқығын айқындайды. Оның мәртебесін белгілеп, бекітеді. Біз әрине ол заңның да жетілуіне, жүруіне министрлік ретінде көмек көрсетеміз», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.