Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін ауыстырды
Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның бірнеше шет мемлекеттегі Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалып, бірқатар дипломат қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының шешімімен Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Сондай-ақ Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.
Ал Амангелді Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының өзге жарлықтарымен Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ал Ерлік Әли Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Материал авторы