Моңғолияда бірінші ру сұрамайды

13.05.2023, 20:49
2413
Моңғолияда бірінші ру сұрамайды nur.kz

"Орда" тобының әншісі Ерболат Беделхан Моңғолияда қазақтардың алдымен ру сұрамайтынын айтты. Әнші "Қазақты қазақ ететін не" деген сауалға жауап берді, деп жазады EL.KZ.

Әншінің айтуынша, әр саладағы белгілі бір нәрсені дұрыс емес деп айта беру адамның еркіндігін қысу болып есептеледі. Сондықтан өз таңдауын жасаған адамды "қазақ емес деу – қате пікір" дейді.

"Мен үшін қазақ болу қиын емес. Қазақ дегеніміз – біздің ішкі жай-күйіміз. Егер сен ішкі жағдайыңды түсінсең, онда сен қазақсың. Адам өзінің таңдауын өзі жасайды. Бірі дін жолына түссе, екіншісі шашын бояуды, үшіншісі басқа бір бағытты таңдаса, демек ол қазақ бола тұра өзінің жолын өтіп жатыр деген сөз", - деді продюсер.

Сондай-ақ ол өзінің туған жерінде рудың қалай сұралатынын айтты.

"Бізде, Моңғолияда бірінші ру сұрамайды. Алдымен "Елің кім" деп айтады. Мен "Керей" деп жауап беремін. Содан кейін барып, "Керейдің ішінде руың кім" деп сұрайды. Мен "Абақты кереймін" деймін. Үшінші сұрағын "Сүйегің кім" деп қояды. "Ителімін" деп айтамын. Ең соңында "Жеті атаңды ата" дейді. Демек, қазақ болу деген – көне кезеңнен қалып қойған қазақтық болмысты көтеріп, өзіңнің жеті атаң мен ата-бабаңның аруағының бар екенін қабылдау", - деді Ерболат Беделхан.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды