Дональд Трампқа қатысты қалжыңға Нұрлан Қоянбаев та үн қосты (ВИДЕО)
Нұрлан Қоянбаев небәрі екі сөз жазып, оқырмандардың назарын аударды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер әрі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіде АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты әлемге тараған мемді әзілмен жаңғыртты.
Қоянбаев Instagram парақшасында жасанды интеллект көмегімен әзірленген фотосуретті жариялады. Кадрда Нұрлан Қоянбаев, актер Рүстем Жаныаманов және олардың серіктерімен бірге күтпеген жерден Дональд Трамп та бейнеленген.
Осылайша Президент телерадиокешенінің креативті директоры 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалынан кейін болған көпшілік талқысына түскен оқиғаны әзілмен астарлады.
Финалдан кейін Дональд Трамп Испания құрамасына әлем чемпионатының кубогын табыстаған соң, жеңімпаздардың дәстүрлі естелік суретке түсу сәтінде сахнадан кетпей қалған еді.
Сол себепті ФИФА мен Испания құрамасының ресми аккаунттары жеңіс фотосуреттерін жариялау кезінде кадрдан Трампты алып тастау үшін суреттерді қиып жариялаған.
Кейін бұл жағдай әлеуметтік желілерде әлемдік мемге айналып, қолданушылар фотошоп пен жасанды интеллекттің көмегімен Трампты түрлі танымал фотосуреттерге жаппай қоса бастады.
Нұрлан Қоянбаев өз жарияланымына «Не вини» деген екі-ақ сөзден тұратын жазба қалдырған. Желі қолданушылары әзілді жоғары бағалап, жазбаның астына көптеген пікір қалдырды.
Материал авторы