1173

Бурабай жағажайындағы демалыс пышақтасуға ұласты

Зардап шеккен ер адамның сол жақ қолы мен саусақтарына бірнеше жерден пышақ тиген.

Бурабай жағажайындағы демалыс пышақтасуға ұласты
wikipedia.org

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Щучинск қаласындағы жағажайда демалушылар арасында болған жанжал салдарынан бір адам пышақ жарақатын алды. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Оқиға 20 шілде күні кешкі уақытта Щучинскідегі «Большой Забой» жағажайында болған. Демалушылар арасында туындаған жанжал кезінде ер адамдардың бірі бірнеше жерден пышақ жарақатын алған.

Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шегушінің сол жақ білегі мен сол қолының бірінші-бесінші саусақтары бірнеше жерден кесілген.

Полицияның мәліметінше, жанжалға қатысқан екі азамат та Щучинск қаласының тұрғындары. Күдікті анықталып, оған қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалған.

«20 шілде күні Бурабай ауданындағы су айдынының жағасында болған оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Жанжал барысында пышақ жарақаты салынған. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында барлық мән-жай анықталып жатыр. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор