938

Шуда теміржолдан өтпек болған әйелді пойыз қағып кетті (ВИДЕО)

Оқиғаға байланысты теміржол көлігі қозғалысы қағидаларын бұзу фактісімен қылмыстық іс тіркелді.

Шуда теміржолдан өтпек болған әйелді пойыз қағып кетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының Шу қаласындағы теміржол станциясында әйелді пойыз қағып кеткен сәттің видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен әйел ауыр жағдайда жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, әйел теміржол рельстерінен өтпек болған кезде оны пойыз басып кеткен. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жылдам тарап кетті.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 20 шілде күні Шу станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі аталған оқиғаға байланысты теміржол көлігі қозғалысы мен оны пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары болған оқиғаның нақты себептері мен жағдайларын анықтауда.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор