Астанада «Нұрлы жолдың» төбесі опырылып түсті
ҚТЖ «Нұрлы жол» вокзалының төбесі құлауына не себеп болғанын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында төбенің бір бөлігі құлап түсті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Желіде жарияланған кадрларда панорамалық терезе маңындағы еденге төбе жабындысының бөлшектері құлап жатқанын көруге болады.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, оқиға кеше кешкі 19:45-те вокзал кешенінің үшінші қабатында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, төбенің опырылуына жауын суын ағызатын кәріз жүйесі құбырының түйіскен жерінің зақымдануы себеп болған.
Компания мамандары ақауды жедел жойып, құбырлардың қосылысын қалпына келтірген.
Сондай-ақ қызметкерлер зақымданған аумақты тазалап, құлаған құрылыс қалдықтарын алып шыққан.
Материал авторы