Рудныйдағы пәтерден зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды
56 жастағы ер адамның өліміне қатысты іс қозғалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысының Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның мәйіті Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен анықталған. Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық істі тіркеп, тергеу амалдарын бастап кеткен.
Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамды анықтауға бағытталған жедел-тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Ведомство тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың әзірге жарияланбайтынын мәлімдеді.
Материал авторы