1586

Астанада полицей су басқан көшеден қызды көтеріп өткізді (ВИДЕО)

Су басқан көшеде полицей мен тұрғынның әрекеті жұртты тәнті етті.

Астанада полицей су басқан көшеден қызды көтеріп өткізді (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада нөсер жаңбырдан кейін полиция қызметкері мен қала тұрғыны су басқан көшеден өте алмай тұрған қыздарға көмектесті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде кең тарап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Куәгерлер жариялаған бейнежазбада нөсерден кейін көшенің жүріс бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолын су басқаны көрінеді. Қыздардың аяқ киімі мен киімі суланбауы үшін полиция қызметкері мен жанынан өтіп бара жатқан азамат оларды кезекпен көтеріп, су жиналған жерден өткізіп жіберген.

Желіде тараған видео аз уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап, ондаған пікірге арқау болды. Пайдаланушылар полиция қызметкері мен тұрғынның әрекетіне ризашылық білдіріп, мұндай жанашырлық пен өзара көмек құрметке лайық екенін жазған.

«Міне, адамдарға көрсетілген нағыз көмек», – деп пікір қалдырған желі қолданушыларының бірі.

Еске салайық, сәрсенбі күні Астанада нөсер жаңбыр жауып, қаланың бірнеше ауданындағы көшелер, аулалар мен жолдарды су басқан болатын. Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты кейбір учаскелерде көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің жүруі қиындады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор