897

Нөсерден кейін Астананың бірқатар көшесін су басты

Небәрі 22 минутта жауған нөсер қаланың бірнеше бөлігінде су жиналуына себеп болды.

Нөсерден кейін Астананың бірқатар көшесін су басты
Threads@adiya.mara

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада соңғы екі тәулікте айлық жауын-шашын нормасының шамамен 70 пайызы түсті. Толассыз нөсерден кейін коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты жазды.

Әкімдік мәліметінше, 23 шілдеде елордада нөсер жаңбыр небәрі 22 минуттың ішінде 11,4 миллиметр жауын-шашын түсірген. Ал бір тәуліктегі жалпы жауын-шашын көлемі 18,2 миллиметрге жетіп, бұл шілде айындағы орташа айлық норманың шамамен үштен бірін құрады.

Нөсер салдарынан қаланың бірқатар көшелерінде су жиналған. Алайда коммуналдық қызметтер су басқан аумақтарды қысқа мерзімде тазалап, жағдайды қалыпқа келтірген.

Қала әкімдігі қазіргі уақытта барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Мамандар нөсер кәріздерінің коллекторлары мен су қабылдау жүйелерін тұрақты түрде тазалап, құбырларды булап ашу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жаңа нөсер кәрізі желілері мен тазарту құрылыстарының құрылысы жалғасып жатыр.

Материал авторы