Алматы метросында сөмкесінен пышақ пен кісен табылған ер адам ұсталды
«Райымбек» станциясында күдікті жолаушы қолға түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы «Райымбек» метро станциясында жолаушыларды тексеру кезінде бір ер адамның сөмкесінен пышақ пен кісен табылып, ол полицияға жеткізілді.
Оқиға метро полициясы қызметкерлері мен көлік қауіпсіздігі қызметі бірлесіп жүргізген тексеру барысында болған.
Күдікті жүк рентген-телевизиялық тексеру құрылғысы арқылы анықталған. Тексеру кезінде жолаушының сөмкесінен пышақ пен кісен табылып, ер адам бірден ұсталған.
Кейін ол мән-жайды анықтау үшін Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ұсталған адамның әрекетіне құқықтық баға береді.
Материал авторы