Түркияда түнде автобус аударылып, 40 адам жарақат алды
Түн ішінде жүргізуші көлікті басқара алмай, автобус жолдан шығып кеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркиядағы Кырыккале – Самсун тасжолында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Қалааралық жолаушылар автобусы аударылып, салдарынан ондаған адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Бұл туралы Cumhuriyet басылымы жазды.
Апат түн ортасында болған. Автобус жүргізушісі белгісіз себептермен көлік тізгініне ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Көлік ішіндегі 42 жолаушының 40-ы зардап шекті. Алдын ала алынған мәліметтерге қарағанда, зардап шеккендер арасында шетел азаматтары жоқ.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, полиция және құтқару қызметтері шұғыл жетті. Барлық зардап шеккен азаматтар Кырыккале провинциясының ауруханаларына жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Құқық қорғау органдары апаттың нақты себептерін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Материал авторы