Омбыда президент әкесі Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл қойды
Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарының рухына тағзым жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласындағы соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь ғимаратының қасбетіне орнатылған майдангер Кемел Тоқаевтың ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
Президент барған медицина мекемесінде 1941 жылдың шілде айынан бастап майданнан жараланған 150 мыңға жуық әскери қызметкер ем қабылдаған.
Олардың қатарында Мемлекет басшысының әкесі, майдангер әрі белгілі жазушы Кемел Тоқаев та болған. Ол аталған госпитальда 1945 жылдың ақпанынан маусымына дейін емделген.
Гүл қою рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыдағы әскери госпитальдың құрылу тарихымен және оның соғыс жылдарындағы қызметі туралы мәліметтермен танысты.
Материал авторы