Алматыда жүргізуші жүк көлігін басқара алмай, бетон қоршауға соғылды (ВИДЕО)
Соққының күшті болғанынан жүк көлігінің кабинасы қатты зақымданған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда Shacman маркалы жүк көлігі тізгінге бағынбай, бетон қоршауға соғылды. Жол апатының сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жазды.
Оқиға Әуезов ауданында, Сайын көшесінің бойында, Абай даңғылының жол өткелінің астында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі солтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, бетон қоршауға соқтығысқан.
Полицияның мәліметінше, соққының қатты болғаны сонша, жүк көлігінің кабинасы едәуір механикалық зақым алған.
Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Аталған жол апатына байланысты полиция қызметкерлері әкімшілік материал рәсімдеді.
Материал авторы