893

Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Әзірге қылмыстың себебі белгісіз.

Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Otyrar.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Түлкібас ауданында ер адам өз анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы tv7.kz арнасы хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адам анасына олардың үйінде пышақ жарақатын салған. Күдікті шамамен 40 жаста. Кей деректер бойынша, оның денсаулығына байланысты ерекше жағдайы болуы мүмкін, алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Түркістан облысының полиция департаменті әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Күдікті қамауға алынған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді полиция.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденуі тиіс. Адам тағдырына қатысты мұндай істерде асығыс қорытынды жасау оңай, ал шындықты анықтау әлдеқайда күрделі жұмыс.

Материал авторы