Ақтауда Джеки Чан, Miyagi және Нұрлан Сабуров бірге көңіл көтерді (ВИДЕО)
Әлеуметтік желі қолданушылары Джеки Чанның ресейлік рэпер Miyagi-дің хит әндерін қосыла шырқағанына таңданысын жасыра алмады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Голливудтың аңызға айналған актері Джеки Чан Ақтау қаласында өткен бейресми кештердің бірінде ресейлік рэпер Miyagi және стендап-комик Нұрлан Сабуровпен бірге көңіл көтерді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба қолданушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, қызу талқыға түсті.
Тараған кадрлардан әлемдік жұлдыздың ашық-жарқын көңіл-күймен тынығып отырғанын көруге болады. Ол Miyagi-дің танымал хиттерін қосыла шырқап, оны ыстық ықыласпен құшақтап, естелікке суретке түскен. Кешке жиналған қонақтардың арасында танымал қазақстандық комик Нұрлан Сабуров та бой көрсетті.
Интернет қолданушылары Голливуд актерінің ресейлік рэпердің шығармашылығын жақсы білетініне және оның әндеріне эмоционалды түрде үн қосқанына таңданыстарын білдірді. Желіде «Екі аңыздың кездесуі», «Ешкім күтпеген шағын концерт» деген сияқты жүздеген пікірлер жазылуда.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Джеки Чан Қазақстанда жүр. Ол «Тәңір сауыты: Ультиматум» (Доспехи Бога: Ультиматум) фильмінің түсірілім жұмыстарына қатысуда. Туындының басты түсірілім алаңдарының бірі ретінде Ақтау қаласы таңдалған.
Материал авторы