"Ес-түссіз жатқанымды көріп жылап кетіпті": Жүрсін Ерман шетелде ем алуына қаржылай көмектескен кім екенін айтты

14.05.2023, 20:22
28508
"Ес-түссіз жатқанымды көріп жылап кетіпті": Жүрсін Ерман шетелде ем алуына қаржылай көмектескен кім екенін айтты instagram.com/kazyret_berdikhan

2022 жылдың қазанында айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскен болатын. Кейін Еуропада ем алып келген ақын қиын сәтте қолдау білдірген достары жайлы айтып берді, деп жазады "Айқын" басылымы.

Айтыс ұйымдастырушысы ауырып жатқанда не ойлағанын және қиын сәтте жанынан табылған достары жайлы айтты.

"Ақын не ойламайды дейсің?! Әрнәр­сені ойлайсың. "Осымен бәрі бітті ме" дейсің. Істеп жатқан жұмысыңды ойлайсың. Менікі айлық алып істейтін жұмыс емес қой. Қоғамдық жұмыс. Ма­мыр айының аяғында Ұлытау облысында бұрыннан келе жатқан айтыс болады. Соған еліміздің ең тәуір ақындары қатысады. Алла қаласа, сол айтысты өткіземін деп отырмын.  

Қаңтар айында 40 күн Швейцарияда ем алып келдім. Сол кезде көп жігіт көмек көрсетті. Швейцарияға бару оңай емес қой. Мемлекет басшы­сы­нан бастап, еміме ақша бөлді. Дос­тарым, кәсіпкер Құсайын Омаров, Дулат Тастекеев деген жігіттер арнайы ақша қарастырды. Ескі досым Өмірзақ Сәр­сенов те қасымнан табылды.

Асанәлі Әшімов мен ауруханада жатқанда ішке кіре алмай, қала әкімдігіне шығып жүріп ауруханаға кіріпті. Ес-түссіз жатқанымды көріп жылап кетіпті. Соның бәрі рухани көмек қой", - деді Жүрсін Ерман.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылдың қазанында айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын.

Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын. Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі осыдан төрт-бес ай бұрын Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды