1568

Желіде Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйеліне қайта қосылды деген ақпарат тарады

Отбасылық демалысқа Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек те қосылған.

Желіде Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйеліне қайта қосылды деген ақпарат тарады
instagram.com/tursen_alaguzov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің Түркиядағы демалысынан жариялаған суреттері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Алайда желі қолданушылары таратып жіберген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды.

Әлеуметтік желілерде және кейбір пабликтерде кәсіпкер бұрынғы жары Ляйсира Алагөзовамен қайта жарасып, бірге демалып жүр деген ақпарат тараған. Алайда бұл болжам қате болып шықты.

Қателікке Тұрсын Алагөзовтің алғашқы некесінен туған қызы Амина себеп болған. Оның анасы Ләйсіреге қатты ұқсастығы салдарынан көптеген қолданушы суреттегі адамды кәсіпкердің бұрынғы әйелі деп ойлаған.

Кәсіпкердің өзі жариялаған фото мен видеолардан Түркиядағы демалыста оның қызы Аминамен бірге жүргені көрінеді.

Яғни желідегі «отбасылық татуласу» туралы болжам шындыққа жанаспайды. Адамдар кейде бір суретке қарап тұтас хикая құрастырып жібереді, әлеуметтік желінің ежелгі спорт түрі деуге болады.

Демалысқа Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек те қатысқан.

Жарияланған кадрларда Амина мен Айсәуле бірге уақыт өткізіп, еркін араласып жүргені байқалады.

Желі қолданушылары екі отбасының балалары арасындағы жақсы қарым-қатынасты атап өтіп, олардың бір-бірімен жақын араласатынын жазған.

Осылайша, Тұрсын Алагөзовтің жеке өміріне қатысты тараған қауесет шындыққа емес, сыртқы ұқсастықтан туған қате болжамға негізделген болып шықты.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор