Келер жылдан жол-көлік оқиғасына қатысты дауларды полицейлердің қатысуынсыз шешетін норма енгізіледі

15.05.2023, 10:34
841
Келер жылдан жол-көлік оқиғасына қатысты дауларды полицейлердің қатысуынсыз шешетін норма енгізіледі smartnews.kz

Келер жылдан бастап жол-көлік оқиғаларын полицилердің қатысуынсыз дербес шешуге мүмкіндік беретін жаңа норма енгізіледі. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында айтылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«2024 жылдан бастап жол-көлік оқиғасына қатысушылардың полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз онлайн-тіркеумен жол-көлік оқиғалары кезінде дауларды дербес шешудің оңайлатылған рәсімінің нормалары күшіне енеді (еурохаттама). Бұл шаралар азаматтардың сот ісін жүргізуге кететін уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы, бұл басқа да азаматтық шағымдарды шешумен айналысатын сот органдарына түсетін салмақты да азайтады. Өз кезегінде, патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне тартылады», - деп жазылған министрліктің 4 жылдық жоспарға енгізген мәліметтерінде.

Ведомство ақпаратына сай, бұған дейін мас күйінде көлік басқарғандарға қатысты жауапкершілік күшейтілген.

«Мас күйінде көлік құралдарын басқару және мас күйін медициналық куәландырудан өтуден жалтару үшін жауапкершілік күшейтілді. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыру, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне бақылауды күшейту жөніндегі нормаларға түзетулер енгізілді. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бағдарламалық құжаттар шеңберінде жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру жөніндегі мақсатты шараларды іске асырды», - деп жазылған ІІМ талдау құжатында.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды