1102

«Қалыңмалға 15 млн теңге берді»: Алтынай Жорабаева қызына ұзату тойын өткізді

Бес қыздың анасы Алтынай Жорабаева алғаш рет қызын ұзатты.

«Қалыңмалға 15 млн теңге берді»: Алтынай Жорабаева қызына ұзату тойын өткізді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Алтынай Жорабаева қызының «қыз ұзату» рәсімін өткізді. Өнер иесі бұл күннің өз отбасы үшін ерекше маңызды болғанын айтып, тойдан кадрларды әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Әнші алғаш рет шаңырағында осындай үлкен той өтіп жатқанын айтып, қуанышымен бөлісті.

«Бұл біздің үйдегі алғашқы осындай той болғандықтан, естелік үшін барлығын парақшама салып жатырмын. Барша қазақстандықтарға жылы тілектері мен баталары үшін алғыс айтамын. Сіздердің үйлеріңізде де осындай қуаныш болсын», – деп жазды Алтынай Жорабаева.

Той барысында қазақтың дәстүрлі рәсімдерінің бірі – «сырға салу» салты орындалды. Кадрларда қалыңдыққа сырға тағу рәсімі көрсетілген.

Жаңа құдалар да құр қол келмеген. Тойда қалыңдықтың анасына 15 миллион теңге және басқа да бағалы сыйлықтар табысталған.

Әнші көпшіліктің назарын ерекше әсерлі сәтпен аударды. Ортаға оның бес қызы бірге шыққан.

«Менің бес қызым бір-біріне тірек болып, қуаныштарын бірге бөліссін. Жүректері мейірімге толы болсын, жылдар өткен сайын достықтары нығая берсін. Бақытты болсын», – деп жазды өнер иесі.

Тележүргізуші Анна Данченко да әлеуметтік желідегі парақшасында Алтынай Жорабаеваның той кезінде қызына арнап арнайы ән орындағанын айтты.

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева 2024 жылдың қаңтарында бесінші қызын дүниеге әкелген болатын.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор