Бибісара Асаубаева Armageddon Women's Chess Week-2023 турнирінің жеңімпазы атанды

15.05.2023, 11:51
589
Бибісара Асаубаева Armageddon Women's Chess Week-2023 турнирінің жеңімпазы атанды Instagram/bibisarachess

Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Берлинде өткен Armageddon Women’s Chess Week халықаралық шахмат турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Шахматшының Instagram парақшасында жазуынша, бұл жарыс өте ерекше форматта болған. Турнир ережесі нокаут жүйесі бойынша өткен.

"Мен бір ғана Армагеддон ойнап, барлық кездесуде жеңіске жеттім әрі бүкіл турнирде бір ғана ойында жеңіліп қалдым. Әуелі Грузияның үздік шахматшысы, блиц бойынша 2017 жылғы әлем чемпионы Нана Дзагнидзені 2:0 есебімен ұттым. Содан кейін блиц бойынша 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және соңғы 20 жылдағы планетадағы ең мықты шахматшылардың бірі – үндістандық Хампи Конеруден басым түстім", - деді Бибісара Асаубаева.

Турнирдің жартылай финалында қазақстандық спортшы әзірбайжандық Гюнай Мамедзадені 1,5:0,5 есебімен ұтты. Осылайша ол финалға және қыркүйекте өтетін Grand Final-ға жолдама алды. Шешуші кездесуде Асаубаева Хампи Конеруды тағы жеңді.

Берлиндегі жарыстан кейін біздің шахматшымыз кеше әйелдер арасындағы Гран-придің төртінші кезеңі өтетін Кипрге аттанды.

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады