Алматыда интим эфир ұйымдастырғандар әшкереленді
Полиция студиядан компьютерлерді, бейнетүсірілім құрылғыларын және трансляцияға арналған жабдықтарды тәркіледі.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда ақылы интимдік онлайн-трансляциялар ұйымдастырған жасырын вебкам-студияның қызметі әшкереленді. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жазды.
Полицияның мәліметінше, Медеу ауданындағы пәтерде жұмыс істеген студия киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен аудандық полиция қызметкерлерінің жедел іс-шаралары барысында анықталған.
Тексеру кезінде пәтер ішінде онлайн-трансляцияға қатысып отырған қыз бен студия әкімшісі болған. Екеуі де мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.
Тінту барысында тергеу үшін маңызды болуы мүмкін компьютерлік техника, бейнетүсірілім құрылғылары, трансляция жүргізуге арналған жабдықтар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу органдары заңсыз қызметтің барлық мән-жайын анықтап, вебкам-студияны ұйымдастыруға және оның жұмысына қатысы бар адамдарды анықтап жатыр.
Материал авторы