«Скутерді көміп кеткен»: Таиландта әпкелі-інілі жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Жоғалар алдында бойжеткен өзін біреудің аңдып жүргенін айтқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Таиландта Ресей азаматтары – 22 жастағы Диана мен 17 жастағы Роман жұмбақ жағдайда із-түзсіз жоғалып кетті. Оларды полиция мен еріктілер бірнеше күннен бері іздеп жатыр.
Жоғалғандардың анасы Заринаның айтуынша, әпкелі-інілі 25 шілдеден 26 шілдеге қараған түні Паттайя қаласында үйден скутермен шығып кеткен. Содан бері олармен байланыс үзілген.
Анасының сөзінше, жоғалардан бір күн бұрын Диана өзін біреудің аңдып жүргендей сезінетінін айтып, сыртқа шықпайтынын жеткізген. Соған қарамастан, таңғы сағат төрттер шамасында ағалы-қарындас қайтадан үйден кеткен.
Олар үй киімімен шығып, өздерімен ешқандай жеке зат алмаған. Анасының айтуынша, балалар аз уақытқа шығып, қайта оралмақ болғандай әсер қалдырған.
Қазір оларды іздеу жұмыстарына полициямен бірге еріктілер де жұмылдырылған.
«Балаларымды іздеуге көмектесіп, ақпарат таратқан және дұға етіп жатқан барша жанға алғыс айтамын. Төртінші тәулікке аяқ бастым, іс жүзінде көз ілген жоқпын. Бар уақытым полициямен кездесуге, іздеу жұмыстарына және келіп түскен кез келген ақпаратты тексеруге кетіп жатыр», – деді әйел.
Жоғалғаннан бір күн өткен соң полиция әпкелі-інілі мініп кеткен скутерді тапқан. Анасының айтуынша, көлік жерге көмілген күйде болған.
Алайда оның маңынан жоғалғандардың ешбір жеке заты табылмаған.
Материал авторы