817

«Омырауынан ұстап алды»: Астанада саябақта әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Президент саябағында болған оқиғадан кейін полиция күдіктіні жедел анықтап, ұстады.

«Омырауынан ұстап алды»: Астанада саябақта әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы Президент саябағында әйелге шабуыл жасады деген күдікпен 27 жастағы ер адам ұсталды. Оқиға туралы жәбірленуші әлеуметтік желіде жазғаннан кейін полиция жедел тексеру жұмыстарын бастаған. 

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 29 шілде күні таңғы сағат 09:00 шамасында Президент саябағында, Бейбітшілік және келісім сарайының маңында, Тәуелсіздік даңғылы мен Ахмет Байтұрсынұлы көшесінің қиылысында болған.

Әйелдің сөзінше, белгісіз ер адам арт жағынан келіп, оның кеудесінен ұстап, денесінің әртүрлі жеріне қол жүгірткен әрі қарсылық көрсетуіне мүмкіндік бермеген.

Жәбірленуші айқайлай бастағаннан кейін күдікті оны жіберіп, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі бағытындағы Highvill тұрғын үй кешеніне қарай кетіп қалған.

Оқиға жайлы жазба жарияланғаннан кейін полиция жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – 27 жастағы ер адам.

Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.

Полицияның мәліметінше, ер адамға ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Іс материалдары соттың қарауына жолданды.

Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген заңсыз әрекетке заң аясында жедел шара қолданылатынын ескертті.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор