1284

Семейде TikTok-тағы даулы эфирден кейін 26 жастағы қыз қамауға алынды (ВИДЕО)

Тікелей эфирде есірткі қабылдағанын айтқан қыз аяусыз жазаланды.

Семейде TikTok-тағы даулы эфирден кейін 26 жастағы қыз қамауға алынды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семей қаласында TikTok әлеуметтік желісінде қоғамдық тәртіпті бұзған тікелей эфир өткізген 26 жастағы қыз 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy басылымы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Полицияның мәліметінше, тікелей эфир барысында қыз балағат сөздер айтып, әдепсіз сипаттағы контент көрсеткен. Сондай-ақ есірткі қолданатынын мәлімдеген.

Тексеру барысында оның Түркістан облысының тумасы екені, ал оқиға кезінде Семей қаласында уақытша тұрғаны анықталған.

Құқық қорғау органдары жүргізген медициналық куәландыру нәтижесінде қыздың алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды.

Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор