1000

Талдықорғандағы жағажайдан ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)

Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмағанымен, оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Талдықорғандағы жағажайдан ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорған қаласындағы жағажай аумағынан шамамен 50-55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты Жетісу облысының полициясы қылмыстық іс қозғады.

Оқиға орнына жедел және құқық қорғау қызметтерінің мамандары дереу жеткен. Полицияның мәліметінше, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Соған қарамастан, болған жайттың барлық мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.

«Қалалық жағажай аумағынан зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Қазір марқұмның жеке басы мен өлімінің нақты себебі анықталып жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор