850

Ер адам Мұхаммед пайғамбар туралы сөздері үшін сотталып кетті

Петропавл діни араздықты қоздырды деп танылған ер адам бас бостандығынан айырылды.

Ер адам Мұхаммед пайғамбар туралы сөздері үшін сотталып кетті
Фарид Мукаилов / АиФ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавл қаласында діни алауыздықты қоздыру ісі бойынша сот үкімі шықты. 50 жастағы Арман Ахметов әлеуметтік желіде бірнеше рет діни өшпенділікті қоздыруға бағытталған жазбалар жариялағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айыптау тарапының мәліметінше, сотталушы әлеуметтік желілерде ислам дініне қатысты араздық тудыратын жарияланымдар жасаған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол исламның қазақ халқына қатысы жоқ екенін мәлімдеп, Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізетін сипаттағы жазбалар жариялаған.

Сот процесінде Арман Ахметовтің мүддесін екі адвокат қорғады. Қорғаушы тарап қосымша соттық дінтану сараптамасын тағайындауды сұрағанымен, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы сотталушымен процестік келісім жасау туралы ұсыныстан бас тартты.

Нәтижесінде сот Арман Ахметовті Қылмыстық кодекстің діни алауыздықты қоздыруға қатысты бабы бойынша кінәлі деп танып, оны 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор