Әлкей Марғұлан жеке мұрағатынан Бауыржан Момышұлының қолжазбасы бар карта табылды

15.05.2023, 14:48
874
Әлкей Марғұлан жеке мұрағатынан Бауыржан Момышұлының қолжазбасы бар карта табылды inform.kz

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогика университетінің тарихшылары Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының Әлкей Марғұланға табыстап кеткен картасын анықтады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ғылым министрлігі мәліметінше, тарихи құжат академиктің жеке мұрағатынан табылған.

Бұл туралы Марғұлан университетінде өткен конференция барысында Margulan Centre археология орталығының қызметкері Еңлік Әбеуова баяндама жасап, алғаш рет көпшілік қауымға жария етті.

Картада Шымкент облысының 1972 жылғы әкімшілік территориясы көрсетілген.

Аталған тарихи құжатты Халық қаһарманы академик Әлкей Марғұланға 1973 жылдың желтоқсан айында берген.

Міне, содан бері жарты ғасыр уақыт өтті.

Картаның басты бетіне Бауыржан Момышұлы өз қолымен:

«Таразыда Тастария,

Сайрамдағы Сансызбай,

Арыстанда Албарбарыс,

Жуалыда Жолбарыс,

Түркістанда Түйменбап» деген сөздер бар біздің елде, сол сөздердің тарихы терең, астары жер астында (археология) жатқан болар» деп жазып қойған.

Ал картаның артқы бетіне сызба мен оның қысқаша анықтамасын келтірген, яғни ата-бабалары бойынша ақпарат берілген.

«Бұл құжаттың бүгінгі таңда тарихи маңызы өте зор. Себебі 60-тан асып, 70-ке таяған кездегі екі тау тұлғаның арасындағы қарым-қатынас, туған жеріне, тарихына деген ықыласы сезіліп тұр. Бауыржан Момышұлы жер атаулары мен батыр бабалары туралыа ақпаратты бөлісе отырып, әрі қарай зерттеуге, тарихты зерделеуге, жаңа мағлұмат алуға қолқа салып отырғандай», - дейді Еңлік Қабыкенқызы.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды