Қарақат Әбден мәжілісте жетім балалар мен фостерлік отбасылар туралы айтып, сауал жолдады

15.05.2023, 15:07
725
Қарақат Әбден мәжілісте жетім балалар мен фостерлік отбасылар туралы айтып, сауал жолдады Facebook/Karakat Abden

"Ауыл" партиясы фракциясының депутаты Қарақат Әбден балалар үйінің санын азайтып, біртіндеп жабуға немесе олардың форматын толықтай өзгертуге мүдделі болуымыз қажет екенін айтты. Ол елімізде бала асырап аламын деушілерге көбірек жағдай жасаған дұрыс деп есептейді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

"Біз балалар үйінің санын азайтып, біртіндеп жабуға немесе олардың форматын толықтай өзгертуге мүдделі болуымыз қажет. Оның орнына елімізде бала асырап аламын деушілерге көбірек жағдай жасаған дұрыс деп есептеймін. Жалпы балалар үйі жетімдерді әлеуметтендіру бойынша тиімді жұмыс жасай алмай отырғаны жасырын емес. Сондай-ақ көп жағдайда балалар үйінің жетекшілері балаларды асырап алғысы келетіндерге немесе патронаттық отбасыларға беруге ниет білдірмейді. Бас прокуратура мен Бала асырап алу жөніндегі агенттік тарапынан жүргізілген тексерістің нәтижесінде тіпті бала асырап алуға қарсы жасанды кедергілерді ойлап тапқан жетекшілер де анықталды. Өйткені әр балаға мемлекеттен ақша бөлініп отырады және ол аз ақша емес. Мысалы, балалар үйіндегі бір бүлдіршін үшін мемлекеттен айына 1 милллионға жуық қаражат беріледі. Осы қаражатты бала асырап алғысы келетін отбасыларды қолдауға бағыттасақ, бала үшін бұл әлдеқайда пайдалы болары анық", - деді Қарақат Әбден.

Оның сөзінше, қазір жетімдер үйінің саны азайып келеді. Еліміз бойынша сәбилер үйінде 707 бүлдіршін тұрып жатыр. Ал балалар үйінде 4916 тәрбиеленуші бар.

"Бұрынғы кездермен салыстырғанда бұл - біршама жақсы көрсеткіш. Енді осы үрдісті бәсеңдетпей балаларды отбасыларға орналастырудың жолдарын дамыту керек. Қазір жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыға берудің бірнеше формасы бар: бала асырап алу; қамқоршылық; патронаттық тәрбие; патронаттық жанұя. Оның қатарында кәсіби немесе фостерлік отбасыларды құру бастамасы да бар. Бұл жоба да еліміздегі балалар үйінің санын азайтуға бағытталған. Осы орайда "Пилот форматта іске қосылған бұл жобаның қазіргі жағдайы қандай? Арнайы дайындықтан өткен фостерлік отбасылардың саны артты ма? Еліміздегі жетім балаларды орналастыруға шамамен 500 фостерлік отбасы қажет делінген. Осы межеге қашан жетеміз?" деген сұрақтар болады. Жалпы фостерлік отбасылардың пайда болуы – өте жақсы бастама деп ойлаймын.

Депутат сонымен қатар балалар үйінің жұмыс бағытын өзгерту керек деп санайды. Ол балалар үйінің жұмыс жүйесін бүлдіршіндерге көмек көрсететін реабилитациялық орталық ретінде қайта қарастырған жөн дейді.

"Әрине, жетімдерге пана болған балалар үйін мүлдем жауып тастау дұрыс болмас. Себебі өкінішке қарай денсаулығында кінәрат бар. Ауыр науқастарға шалдыққан балалар бар, оларды ешкім асырап алғысы келмейді. Сонымен қатар асырап алған балаларды жетімдер үйіне кері қайтаратын жағдайлар да бар (бұл шамамен 18%). Бұл да - бала үшін ауыр психологиялық соққы. Демек балалар үйінің жұмыс жүйесін осындай бүлдіршіндерге көмек көрсететін реабилитациялық орталық ретінде қайта қарастырған жөн. Мәселенің маңызын ескере келе, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларда тәрбиелеу ісіне баса назар аударып, жаңа тетіктерді қарастыруыңызды және фостерлік отбасы жобасы толыққанды іске қосылғанша жетім балаларға тиісті жағдайдың жасалуына ықпал етуіңізді сұраймын", - деді Қарақат Әбден. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді