2373

Нұрай Серікбайдың өлімі: Айыпталушының адвокаты істен бас тартты

Енді Шерхан Аймаханның мүддесін қалған үш қорғаушы қорғайтын болады.

Нұрай Серікбайдың өлімі: Айыпталушының адвокаты істен бас тартты
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесінде жаңа өзгеріс болды. Айыпталушы Шерхан Аймаханды қорғаған адвокаттардың бірі істен бас тартты. 

Ақпаратты жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

«Айыпталушының адвокаттарының бірі енді оны қорғауға қатыспайды. Ол сотқа тиісті өтінішті өзі берді. Енді сотталушыны қалған үш адвокат қорғайтын болады», – деді ол.

Бұған дейін марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап еткен болатын.

Еске салайық, айыптау нұсқасына сәйкес, Шерхан Аймахан Нұрай Серікбай өзіне тұрмысқа шығудан бас тартқаннан кейін оны ұзақ уақыт бойы аңдыған.

Прокуратураның айыптау актісінде 10 қаңтар күні күдіктінің қызға 35 жерден пышақ жарақатын салғаны көрсетілген.

Қылмыстық іс аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру бабы бойынша қаралып жатыр. Аталған баптың санкциясы 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.

Материал авторы