1556

Алматыда есірткі таратуға жұмысқа тұрған әйел екінші күні-ақ қолға түсті

Әйел интернет арқылы жұмыс істейтін есірткі желісіне бірнеше күн бұрын ғана қосылған.

Алматыда есірткі таратуға жұмысқа тұрған әйел екінші күні-ақ қолға түсті
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда есірткіні заңсыз сақтау және тарату күдігіне ілінген әйел ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол интернет арқылы жұмыс істейтін есірткі дүкеніне «жасырып кетуші» ретінде небәрі екі күн бұрын ғана кіріскен.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктіні Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Наурызбай аудандық полициясымен бірлесіп, «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұстаған.

Күдіктінің уақытша тұрып жатқан жерінде жүргізілген тінту кезінде полицейлер есірткі болуы мүмкін зат салынған 113 ораманы, электронды таразыны, қаптама материалдарын және ұялы телефондарды тәркілеген.

Тергеудің алдын ала дерегіне сәйкес, әйел интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысқан және «закладчик» міндетін атқарған. Оның бұл іске араласқанына бірнеше күн ғана болған.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор