2687

Тоқаев Швейцария президентін құттықтады

Президент екі ел арасындағы сауда, инвестиция және білім салаларындағы ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын атап өтті.

Тоқаев Швейцария президентін құттықтады
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Президенті Ги Пармеланға Ұлттық күнге орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында бұл мерекенің Швейцарияның бай тарихи мұрасын, демократиялық құндылықтарының беріктігін және бейтараптық қағидаттарына тұрақты адалдығын айқын көрсететінін атап өтті.

Президент сондай-ақ Қазақстанның Швейцариямен достық пен өзара құрметке негізделген көпқырлы ынтымақтастыққа жоғары мән беретінін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы сауда, инвестиция, қаржы және білім беру салаларындағы әріптестік тұрақты түрде дамып келеді.

Жеделхат соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, Швейцария халқына амандық пен өркендеу тіледі.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор