1689

Грекияда өрт сөндіру кезінде екі тікұшақ соқтығысып, екі адам қаза тапты

Қаза болғандардың Румыния мен Грекия азаматтары екені ресми түрде расталды.

Грекияда өрт сөндіру кезінде екі тікұшақ соқтығысып, екі адам қаза тапты
x.com/fl360aero

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Грекияда орман өртін сөндіру операциясы кезінде екі тікұшақ әуеде соқтығысып, екі адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа адам қателігі себеп болуы мүмкін. 

Қайғылы оқиға Грекияның Аттика аймағында орман өртін сөндіру жұмыстары кезінде болған. Оқиға туралы ақпаратты елдің өртке қарсы қызметі растады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, екі тікұшақтың бортында жалпы төрт адам болған. Соның екеуі көз жұмды.

Ведомствоның хабарлауынша, қаза тапқандар – Грекия мен Румыния азаматтары.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, апаттың негізгі себебі адам қателігі болуы мүмкін. Тікұшақтардың сынықтары терең жырадан табылған.

Сондай-ақ қаза болғандардың әр тікұшақтағы экипаж мүшелері екені белгілі болды. Әуе кемелерін басқарған ұшқыштар Румыния азаматтары болса, операцияны үйлестірген мамандар Грекия азаматтары болған.

Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр. 

 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор