Ақтауда ер адам қызды «зорлаймын» деп қорқытты: жанжал видеоға түсіп қалды
Куәгерлер түсірген видеоларда ер адамның қызды ұстап, қуып жүргені және ауыр қоқан-лоқы жасағаны көрінеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда ер адамның қызға күш көрсетіп, зорлаймын деп қорқытқан сәті куәгерлердің камерасына түсіп қалды. Оқиғаға қатысты бірнеше видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 2 тамыз күні таңғы сағат 08:00 шамасында Ақтау қаласының жағалауында болған.
Бейнежазбалардың бірінде ақ түсті жейде мен қара көйлек киген қызды ер адамның жібермей ұстап тұрғаны көрінеді. Қыз қарсылық көрсетіп, босап шығуға тырысқан. Осы кезде оқиға орнында болған куәгерлер араласып, жағдайды тоқтатуға әрекет жасаған.
Тағы бір видеода жағалау маңында ер адам мен қыздың сөзге келіп қалғаны байқалады. Жанжал барысында ер адам қызға қарата: «Мен сені зорлаймын» деп қоқан-лоқы жасаған.
Ең қауіпті сәт жолдың жүру бөлігінде болған. Қыз қашуға тырысқанда, үстіндегі жейдесін шешіп тастаған ер адам оның соңынан жүгірген. Мұны көрген бірнеше жүргізуші көліктерін дереу тоқтатып, қызды қорғау үшін ер адамның жолын бөгеген.
Қыз өтіп бара жатқан көліктердің біріне мініп үлгергенімен, күдікті көлікке жүгіріп барып, есігінен ұстап қалған. Жүргізуші көліктен түсіп, қызға көмек көрсетуге тырысқан. Ал куәгерлер жүргізушіден қызды қауіпсіз жерге жеткізуді сұраған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының ресми түсіндірме берген жоқ.
Материал авторы