Фермерлердің атынан субсидия алып келгендер әшкереленді

15.05.2023, 16:46
724
Фермерлердің атынан субсидия алып келгендер әшкереленді smartnews.kz

Фермерлердің атынан субсидия алып келген адамдар тобы әшкереленіп, қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Қаржылық мониторинг агенттігіне (ҚМА) сілтеме жасап.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарды жеткізбей, жұмыстар мен қызметтерді орындамастан шот-фактуралар жазып беріп келген бірқатар тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып келген. Кейін шаруа қожалықтарын ескертпестен олардың атынан субсидия алуға электронды өтінім берілген.

Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егіс алқаптары жоқ болып шықты. Аталған тұлғалар мемлекеттен 800 млн теңгеден астам сомаға субсидия алған.

Алаяқтық фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелді

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ұсынылған хабарламада.

Ескертіліп өткендей, Конституцияның 77-бабына және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабына сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін күдікті кінәсіз болып есептеледі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды