Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз төртінші қабаттан құлап, жансақтау бөліміне түсті
Өзі құлады дегенге сенбейміз дейді сарбаздың туыстары.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қонаев қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген 2006 жылы туған сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жеткізілді. Бұл туралы «Криминальный Казахстан» Telegram-арнасы жазды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жас сарбаздың бірнеше қабырғасы сынған. Сонымен қатар өкпесі, бүйрегі және қуыққа зақым келген. Оның қазіргі жағдайы мен оқиғаның нақты қалай болғаны әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Сарбаздың туыстарының айтуынша, ол әскери қызмет барысында отбасымен үнемі байланыста болған және қызмет жағдайына немесе денсаулығына ешқандай шағым айтпаған. Оқиғаға дейін көп ұзамай ата-анасы ұлын барып көрген. Олардың сөзінше, сол кезде сарбаздың жағдайы жақсы болған.
Жақындары әскери қызметшінің терезеден өздігінен құлағанына сенбейтіндерін айтып, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көрсетуді және оқиғаға қатысты жан-жақты, объективті тергеу жүргізуді талап етті.
Материал авторы