992

«Жалғыз өзі тоқтады»: Гонконгте Дастан Сәтпаев жанкүйерлерге қолтаңба таратты

«Челси» ойыншыларының арасынан тек Дастан Сәтпаев қана жанкүйерлерге тоқтап, қолтаңба үлестірді.

«Жалғыз өзі тоқтады»: Гонконгте Дастан Сәтпаев жанкүйерлерге қолтаңба таратты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Лондонның «Челси» клубы маусым алдындағы халықаралық турнесі аясында Гонконгке келді. Команда орналасқан қонақүйдің алдына ондаған жанкүйер жиналып, сүйікті футболшыларымен суретке түсіп, қолтаңба алуды күтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy басылымы жазды.

Алайда «Челси» ойыншыларының көпшілігі жанкүйерлердің жанынан тоқтамай өтіп кеткен. Ал 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев командадағы жалғыз футболшы ретінде жанкүйерлерге арнайы тоқтап, олармен суретке түсіп, қолтаңба таратқан.

Жас футболшының бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының оң бағасына ие болып, кеңінен тарала бастады.

Еске салсақ, «Челси» халықаралық маусым алдындағы турнесін 28 шілдеде Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы жолдастық кездесумен бастаған болатын. Лондондық команда 6:4 есебімен жеңіске жетіп, Дастан Сәтпаев негізгі құрамда алаңға шығып, жаңа клубындағы алғашқы голын соқты.

Матчтан кейін қазақстандық футболшы Instagram Stories парақшасында голын командаластарымен бірге атап өткен сәттің фотоколлажын жариялады.

Бұған дейін «Челсидің» бас бапкері Хаби Алонсо да Сәтпаевтың ойынына жоғары баға берген еді. Ал Англия Премьер-лигасының ресми парақшасы оның дебютін аңызға айналған шабуылшы Серхио Агуэроның алғашқы қадамдарымен салыстырған. Сонымен қатар танымал инсайдер Фабрицио Романо да қазақстандық футболшыға көрсетілген жанкүйерлік қолдаудың ауқымына таңданысын білдірген.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор