Депутат: «Дипломмен ауылға» барған жастар қалаға қайта көшуде

15.05.2023, 18:14
215
Депутат: «Дипломмен ауылға» барған жастар қалаға қайта көшуде smartnews.kz

Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай «Дипломмен ауылға» бағдарламасының талаптарын қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазақстанда 2009 жылы қабылданған «Дипломмен ауылға» жобасы бүгінге дейін жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында келген маманға 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) біржолғы көтерме жәрдемақы беріледі. Ал тұрғын үй сатып алу үшін жылдық 0,01 % мөлшерiнде 15 жылға дейінгі мерзiмге 1 500 (АЕК) айлық есептік көрсеткіште кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ескерілген.

Бұл бағдарламаның жүзеге асып жатқанына 14 жыл болды. Мамандарға мұқтаж өңірлер көбеймесе, азайған жоқ. Өз міндеттемесін орындап, үш жыл ауылда жұмыс істеген мамандар тиісті мерзімі аяқталған соң жүгін буып-түйіп, қайтадан қалаға көшіп кетіп жатыр. Жылдар бойы бюджеттен қаржы құйылып келген бағдарлама неге міндетін мінсіз орындай алмай жатыр?», - деді Н. Сайлаубай Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, көшкен жас мамандардың бағдарламадан айнып, қалаға қайтып кетуінің салмақты себебі – тұрғын үйді сатып алу қиындықтары және орталықтандырылған су мен жылудың жабдықталуының жоқтығы.

«Нәтижесінде, көптеген ауыл әлі күнге дейін тәжірибелі мұғалімсіз, білікті дәрігерсіз отыр. Мемлекеттен берілетін бірреттік 345 мың теңге неге жетеді?! Қазір азық-түліктің ауылдағы құны, қаладағы бағамен бірдей. Үйге деп берілетін 5 миллион теңгеге үй ала аласыз ба? Осы орайда, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, ауылға барған мамандарға жағдай жасау мақсатында тиісті ұсыныстарды даярлады. Атап айтқанда, мамандарға берілетін бірреттік көтерме жәрдемақыны, әр отбасы мүшесіне яғни адам басына 150 (АЕК) айлық есептік көрсеткішке (520 мың теңгеге) дейін арттыру керек», - деді депутат.

Оның сөзіне қарағанда, ауылдар түгілі кейбір аудандардың өзінде «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының критерийлеріне сәйкес келетін тұрғын үйлер жоқ. Сондықтан да жас мамандарға 5 млн теңгеге кредит бергенше, жаңа үйлер салып беру немесе баспана сатып алуға және салуға берілетін несие мөлшерін 3000 айлық есептік көрсеткішке (10 млн теңгеге) дейін ұлғайту қажет.

«Бағдарлама аясында ауылдарға баратын мамандардың 70% жас отбасылар болғандықтан, міндетті еңбек өтілімін 3 жылдан 5 жыл немесе 7 жыл аралығына дейін ұзарту қажет», - деді Наурыз Сайлаубай.

Бұдар бұрын хабарланғандай, 2009-2022 жылдар аралығында «Дипломмен ауылға» жобасы арқылы 45 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін кредит берілді.

Түркістанда полиция жоғалған 4 жастағы баланы іздестіріп жатыр Белгілі актер Асқар Наймантаев өмірден өтті Қазақстан тарихының көп томдығы жарыққа шығады – Ерлан Қарин "Қасымда бейтаныс жан": Жұлдыз Әбдікәрімова тұрмысқа шыққысы кеп жүр ме? Арнайы прокурорлар «Алматы-Хостел» ғимаратындағы өртке қатысты тергеуге кірісті "Жақындарының дауысын келтіреді": Ұлттық Банкі алаяқтықтың жаңа схемасын әшкереледі "Келісі 1500 теңге": Ақтөбеде киік еті сатылымға шығарылды "Биылдыққа 5 рет ауруханада жаттым". Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов дертке шалдыққанын айтты "Екінші отбасым бар": Дастан Қалдыбаев бірінші әйелінің көзіне шөп салған ба? Ұлтаралық араздық тудырған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды "Қыздарды жезөкшелікке тартқан": Шымкентте полицейлер үш притонды жойды «Нұрғали Нүсіпжанов амбассадор болды»: Ғаділбек Жанай өкпе-ренішін білдірді "Сол сумақайға кешірім жасамауым керек еді": Назарбаев кітабында Әблязов туралы жазды "Мүлде жылы сөйлемейді": Жазира мен Жанболат ажырасқалы жатыр ма? "Жынысын ауыстырған еркек бар": Атырауда екі ер адам жезөкшелікпен айналысқан «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер енгізілді Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайға кетті Ресейдің жоғарғы соты ЛГБТ қозғалысына түбегейлі тыйым салды Астанада сот орындаушы жерді заңсыз сатуға көмектескен Астаналық тұрғын 460 мың теңге тұратын сағатты ұрлап кеткен