Wildberries Қазақстандағы қойма желісін кеңейтуді жалғастырады
2027 жылдың басында Астана мен Алматыда жалпы аумағы 260 мың шаршы метр болатын екі логистикалық орталық іске қосылады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Wildberries маркетплейсі Қазақстандағы логистикалық инфрақұрылымын кеңейтуді жалғастырып жатыр. Қазіргі таңда компания елімізде шамамен 46 мың шаршы метр қойма алаңын жалға алып пайдаланып отыр.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, компаниядан қосымша қоймалар орналастыруға қатысты әзірге ресми өтініш түспеген.
Ведомствоның түсіндіруінше, жаңа қойма алаңдарын іздеу – бизнес субъектілері арасындағы коммерциялық қатынас. Сондықтан мұндай мәселелер мемлекеттік органдардың қатысуын қажет етпейді.
Сонымен қатар Wildberries-тің Қазақстанда жеке логистикалық кешендер салу жоспары өзгеріссіз қалған.
Компания 2027 жылдың бірінші тоқсанында жалпы аумағы 260 мың шаршы метрді құрайтын екі ірі логистикалық орталықты іске қосуды көздеп отыр. Оның ішінде 160 мың шаршы метрлік кешен Астанада, ал 100 мың шаршы метрлік нысан Алматыда орналасады.
Сауда және интеграция министрлігі қойма ғимараттарын жалға алу мемлекеттік органдармен келісуді талап етпейтінін де атап өтті.
Материал авторы