4222

600 мың оқырманы бар блогер тікелей эфир кезінде өлтірілді

TikTok-та тікелей эфир жүргізіп отырған блогерге оқ атылып, қаза тапты.

600 мың оқырманы бар блогер тікелей эфир кезінде өлтірілді
instagram.com/cesarselectivo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мексикада TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізіп отырған танымал блогер Сесар Гастелум қарулы шабуыл салдарынан қаза тапты. Оның әлеуметтік желіде шамамен 600 мың оқырманы болған.

Қайғылы оқиға сейсенбі күні Кульякан қаласында болған. Reuters агенттігінің мәліметінше, Сесар Гастелум достарымен бірге мейрамханалардың бірінің маңында тікелей эфир жүргізіп тұрған кезде олардың жанына мотоцикл мінген екі адам келген.

Куәгерлердің айтуынша, дулыға киген ер адамның бірі блогерге қарай тапаншамен бірнеше рет оқ атқан. Шабуылдың өзі тікелей эфир барысында болған.

Сесар Гастелум TikTok-та әзіл-сықақ бағытындағы видеоларымен танымал болған. Оның соңғы жариялаған видеосы 3,2 миллионнан астам қаралым жинаған.

Мексика билігі блогердің қаза тапқанын ресми түрде растады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Кульякан қаласында өзара жауласқан қылмыстық топтар арасындағы қақтығыстар жалғасып жатқан кезеңде болған.

Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылдың мамыр айында Мексиканың Сапопан қаласында TikTok-та тікелей эфир жүргізіп отырған бьюти-блогер Валерия Маркес те қарулы шабуыл салдарынан көз жұмған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор