1523

2 млрд теңгеге жуық несие алдырған: Ақмола облысында 21 адам сотталды

Бөтен адамдардың атына миллиардтаған теңге несие рәсімдеген қылмыстық топқа үкім шықты.

2 млрд теңгеге жуық несие алдырған: Ақмола облысында 21 адам сотталды
Оксана Матасова/Kazinform

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық топтың әрекетінен келген шығын шамамен 2 млрд теңгені құраған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер азаматтардың жеке деректерін заңсыз пайдаланып, олардың атына екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан алдау жолымен несие рәсімдеп отырған.

Ақмола облысының прокуратурасы хабарлағандай, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының 2026 жылғы 5 тамыздағы үкімімен 21 айыпталушы кінәлі деп танылып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады. Тәркіленген мүліктің қатарында Алматы қаласындағы пәтерлер, Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200, Toyota Camry және өзге де қымбат автокөліктер бар.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор