«Қайрат» – «Левски» матчының барлық билеті алты сағатта сатылып кетті
Алматылық клуб алғашқы кездесуде жеңілгенімен, Түркістанда қарымта қайтаруға мүмкіндік алады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қайрат» пен Болгарияның «Левски» клубы арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчына арналған барлық билет сатылым басталғаннан кейін небәрі алты сағат ішінде толық өтіп кетті. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі жазды.
Клуб өкілдері жанкүйерлерге стадионға матч басталардан 2–3 сағат бұрын келуге кеңес берді. Бұл бақылау бекеттерінен еш кедергісіз өтіп, ұзын-сонар кезектің алдын алуға мүмкіндік береді.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матч Болгария астанасы Софияда өтіп, «Левски» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Қарымта кездесу 11 тамызда Түркістанда өтеді.
Осы жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Грекияның АЕК клубымен кездеседі. Ал жеңілген команда Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде ПАОК (Грекия) пен «Андерлехт» (Бельгия) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.
Материал авторы