3691

Бибісара Асаубаева Қазақстан атынан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында өнер көрсетеді

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасына үздік төрттік қатарында барады.

Бибісара Асаубаева Қазақстан атынан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында өнер көрсетеді
dknews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы сапында өнер көрсететін спортшылардың тізімін жариялады.  

Биылғы турнир 15–27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтеді.

Қазақстан құрамасына әлемдік әйелдер рейтингінде бесінші орында тұрған Бибісара Асаубаева енді. Сондай-ақ ұлттық құрама сапында жас шахматшылар Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Эльназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева өнер көрсетеді. Олар жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте тиісінше 2, 4, 22 және 23-орындарды иеленіп отыр.

Қатысушылардың рейтингтік көрсеткіштері негізінде Қазақстанның әйелдер құрамасына алдағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында төртінші себу нөмірі берілді. Бұл ұлттық құраманың турнирді жоғары рейтингпен бастайтынын және басты фавориттердің бірі саналатынын көрсетеді. 

Материал авторы