Дастан Сәтпаев «Ювентусқа» қарсы ойыны үшін жоғары баға алды
«Челсидегі» қазақстандық шабуылшы тағы да назарға ілікті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Челси» мен «Ювентус» арасындағы жолдастық кездесудегі ойыны үшін Flashscore статистикалық порталы тарапынан 6,5 балл алды.
17 жастағы шабуылшы матчтың 65-минутында алаңға қосалқы құрамнан шықты. Ол Байно-Гиттенстің орнына ойынға араласып, шамамен 25 минут өнер көрсетті.
Бұл Сәтпаевтың «Челси» сапындағы маусымалды турне аясындағы үшінші кездесуі болды. Бұған дейін қазақстандық футболшы австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы жолдастық матчта алғашқы голын соғып, жаңа клубтағы дебюттық нәтижелі әрекетімен есте қалған еді.
Еске салайық, 28 шілдеде «Челси» халықаралық маусымалды турнесін «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы ойынмен бастаған болатын. Лондондық клуб 6:4 есебімен жеңіске жетсе, Дастан Сәтпаев негізгі құрамда алаңға шығып, дебюттік голын соқты.
Материал авторы