Алматыда 1 шілдеден бастап халыққа қызмет көрсету орталығында неке қидыруға болады

16.05.2023, 09:31
495
Алматыда 1 шілдеден бастап халыққа қызмет көрсету орталығында неке қидыруға болады smartnews.kz

1 шілдеден бастап Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімдерінің функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акцинерлік қоғамына беріледі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанар Бейсенованың сөзінше, ХҚКО-да азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері көрсетілетін болады.

«Осылайша, азаматтардың барлық мемлекеттік қызметтерді бір жерден «бір терезе» қағидаты бойынша алу мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары бірыңғай жүйеге біріктірілген», - деді департамент өкілі.

Сондай-ақ, ол көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тоқталды.

«Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге бірқатар функция жатады. Атап айтар болсақ, неке қию және бұзуды, өлімді мемлекеттік тіркеу, акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу, оның ішінде атын, әкесінің атын, тегін өзгерту, әкелікті (анасы екенін) анықтау, бала асырап алу бар. Сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру және жою, бастапқы және қайталама куәліктерді, анықтамаларды электрондық нұсқада немесе қағаз түрінде беру»,- деп түсіндірді Жанар Бейсенова.

Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің жетекші маманы Сара Мұрзиева жеке өмір, жеке және отбасылық құпия заңмен қорғалатынын атап өтті.

Сондай-ақ азаматтардың жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария еткені үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.

«Тіркеуші органдардың қызметкерлері асырап алушының келісімінсіз асырап алу туралы қандай да бір мәліметтерді хабарлауға және асырап алушылардың асырап алынған баланың ата-анасы болып табылмайтындығы туралы ақпаратты қамтитын құжаттарды беруге құқы жоқ. Бұл мәселе қатаң бақылауда», - деп қорытындылады Сара Мұрзиева.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады