1679

TikTok-та боғауыз сөз айтқан семейлік әйелге айыппұл салынды

53 жастағы әйелдің TikTok-тағы әрекеті құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмады.

TikTok-та боғауыз сөз айтқан семейлік әйелге айыппұл салынды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде заң бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті жазды.

Полицияның мәліметінше, Жанат Әбеуова есімді әйел тікелей эфир барысында балағат сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерге барған.

Іс сотта қаралып, әйелге әкімшілік айыппұл салу туралы шешім шығарылды.

Құқық қорғау органдары интернет кеңістігінде жасалған құқық бұзушылықтардың да заң талаптарына сәйкес қаралатынын еске салды.

Сондай-ақ полиция әлеуметтік желілердегі заңсыз әрекеттерді анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін де Қазақстанда тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, әдепке жат әрекеттер жасаған стримерлер жауапқа тартылған болатын. Солардың бірі – Талдықорған қаласының тұрғыны TikTok-та тікелей эфирде бейәдеп сөз қолданғаны үшін қайтадан айыппұл арқалаған.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор