Қырғызстанда бәйге кезінде ат шабандозымен бірге операторларды қағып кетті
Бәйге түсірмек болған операторлар жүйрік аттың астында қалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда бәйге жарысын түсіріп тұрған бірнеше адам күтпеген жерден жүйрік аттың жолында қалып, ат пен шабандоздың соқтығысуына ұшырады. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
Видеода бәйге кезінде бірнеше оператордың жарыс жолының дәл ортасында тұрғаны көрінеді. Жеті шабандоз аттарымен олардан өтіп үлгерген. Алайда сегізінші ат кедергіге тоқтамай, жолдағы адамдарға қарай шауып кеткен.
Операторлардың бірі соқтығысудан жалтарып үлгерген. Ал тағы бірнеше адам аттың жолында қалып қойған. Олардың бірі кәсіби камерамен түсіріп тұрса, тағы бір қыз жарысты ұялы телефонына түсіріп тұрған.
Видеода сонымен қатар ат пен оның шабандозының да соқтығысудан кейін жолда қалғаны байқалады. Зардап шеккендердің нақты жағдайы туралы ақпарат жарияланбаған.
Оқиғаға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Кейбірі жарыс жолының ортасында тұрған операторлардың қауіпсіздік талаптарын сақтамағанын сынаса, енді бірі жануардың тағдырына алаңдаған.
Жарияланған видео қысқа уақытта 56 мыңнан астам лайк жинап, үш мыңнан астам пікір қалдырылған.
Материал авторы